«10150100 Туризм» мамандығы

«10150100 Туризм» мамандығы бойынша біліктіліктер

4S10150104 Туризм саласының менеджері;

3W10150103 Туристтік агент;

3W10150102 Экскурсовод.

Туризм саласындағы менеджер-туризм және туристік ұйымды басқару саласындағы кәсіби қызметке дайындалған маман.

 

Туризм саласындағы менеджердің негізгі қызметтері:

Туризм саласында ұйымдастыру-басқару және маркетингтік қызметті жүзеге асырады;

Маманның кәсіби қызметін реттейтін нормативтік - құқықтық құжаттармен жұмыс атқарады;

Туризм саласында қызмет көрсетеді;

Тур құнының калькуляциясын жасайды;

Туристерге қызмет көрсетуге арналған шарттарды әзірлейді.

Еске саламыз, "Мирас" колледжі” мекемесі жаңа талапкерлерге есігін айқара ашады. Қабылдау комиссиясы 2021 жылдың 20 маусымынан бастап өз жұмысын бастайды.

«Мирас» колледжі» мекемесі - табысты мамандарды даярлайтын орын!