2021 жылдың қараша айында барлық тәлімгерлер студенттер арасында "Студенттік бастамаларды дамыту" тақырыбында әр түрлі іс-шаралар өткізді. Атап айтсақ 10.11.2021ж Шымкент қаласы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары студенттері арасында «АДАЛ-ЖАС ҰРПАҚ» атты қалалық патриоттық әндер, эссе, әңгіме және мәнерлеп оқу байқауына «Құқықтану» мамандығы бойынша 2-курс студенттері Жақсыбай Нұржанат,Төлеген Сұлтан, Ордабек Мадижан, Бегман Арина, Мамыр Рақымжан қатысып, 3-орын жүлдесімен және сертификаттарымен марапатталды. Қараша айында «Құқық» секторы құқық академиясының ресурстық орталығы ұйымдастырған студенттердің «Болашақ мамандығы -заңгер» шығармашылық байқауы өтті. Бұл байқауға осы жоғарыда көрсетілген мамандық бойынша 2,3,4-курс студеттері қатысты. Сонымен қатар 29-30 қараша айында студенттік бастамаларды дамыту мақсатында «Мирас» университетінде халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік «Студенттік ғылым 2021» атты конференциясы ұйымдастырылды. Ол конференцияға барлық топ студенттері қатысты. «Мирас» университетінің студенттері университет аралық түрлі ғылыми, іс-шараларға белсене қатысуда.
Іс - шараның мақсаты: Студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жастардың бойында адалдықты дәріптеу,сонымен қатар өнерлі ұрпақтың таланттарын тиімді пайдаланып білім жүйесіне студенттердің ғылыми бастамаларын дамыту және патриоттық сезімдерін арттыру.Заңгер мамандығының мәні мен оның артықшылықтарын ашу.
Іс -шараның нәтижесі: Студенттердің бойында патриотизмді қалыптастыра отырып, саяси саналыға мен таным белсенділігін арттыру, рухани – адамгершілік тәрбиесін тәрбиелеу, зияткерлік қабілеттерін дамыту.