«Филипп Моррис Казахстан» Компаниядан ЖАЗҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

«Филипп Моррис Казахстан» Компаниядан ЖАЗҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

"Мирас" Университеті мен "Филип Моррис Қазақстан" Компаниясы  ынтымақтастық шеңберінде «Жазғы тағылымдама»  бағдарламасы бойынша   біздің  ЖОО-ң  қабырғасында Презентация  ұйымдастырады. 2016 жылы 8-ші маусымда сағат 10.00-де ағылшын тілін жетік меңгерген барлық түлектерді осы презентацияға шақырамыз. Мекен-жайымыз: Шымкент қ., Г. Иляев көшесі, 3, 313 каб. Презентация  өткеннен кейін, "Филип Моррис Қазақстан" компаниясында тағылымдамадан  өтемін деушілер тестілеуден өте алады.


Тағылымдама бағдарламасы төменде көрсетілген:

«Филипп Моррис Казахстан»  Компаниядан  ЖАЗҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

 

«Филипп Моррис Казахстан» ЖШС саған 2016 жылғы 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде, өткізу бөлімінде толық (8 сағаттық) жұмыс күнімен «Жазғы Тағылымдама» бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады. Маманның көмекшісі болып жұмыс істей жүріп, сен күнделікті белсенділіктерге ғана емес, түрлі жобаларға да қатысатын боласың.

МҮМКІНДІКТЕР:

  • Қостанай, Өскемен, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе қалаларының өткізу бөлімдеріндегі жұмыс;
  • Кәсібилер командасында шынайы тәжірибе жинау;
  • Жаңа машықтарды, соның ішінде сауда нүктелеріндегі іскерлік өзара тиімді қарым-қатынасты орнату және сақтау машықтарын игеру және жаңа білімдерді меңгеру, өткізу бөлімінің түрлі құралдарын/бағдарламаларын пайдалану, өткізу бойынша негізгі көрсеткіштерді талдау;
  • Команда мен компанияның жұмысына үлес қосу мүмкіндігі.

БІЗ КЕЛЕСІЛЕРДІ ҰСЫНАМЫЗ:

  • Халықаралық компаниядағы жұмысты, онда сен бай тәжірибеге ие болып, әртүрлі елдердің озық тәжірибелерін меңгеретін боласың;
  • Ақысы төленетін тағылымдаманы;
  • Тату ұжымдағы жағымды ахуал және жұмыстан ләззат алуды;
  • Тартымды әлеуметтік пакетті (медициналық сақтандыру, тамақтану үшін қосымша ақы және көптеген т.б.);
  • Тағылымдама нәтижесі бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігін.

БІЗ ТАЛАП ЕТЕМІЗ:

  • 2016 жылғы бітірушілер немесе жоғары оқу орнын жақында бітіргендер;
  • В санатындағы жүргізушілік куәлігінің болуы, механикалық беріліс қорабы бар автокөлікті ең кемі бір жыл тұрақты жүргізген болуы;
  • Оқуға және дамуға деген құлшыныс;
  • Нәтижені көздеу, айтқанды қағып алу қабілеті, командада жұмыс істей білуі;
  • Толық жұмыс күнімен жұмыс істеуге дайын болу.

ТҮЙІНДЕМЕ БЕРУ ҮДЕРІСІ:

Егер сені аталған бос жұмыс орны қызықтырса, түйіндемеңді мына мекенжайға жолда: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., +7 (727) 334-13-50, ішкі 173, +7 (777) 965-82-20

 

 

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...