Жаңалықтар

День знаний

Мирас колледжі мекемесінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын барысында, Мирас колледжінің дәстүрі бойынша, 1 курс білім алушыларының арасында лотерея ойнатылды.

2021 жылға 21 сыйлық табысталды.

Лотореяның басты сыйлығын Қ-211 тобының білім алушысы Қалыбаев Жалғасбек жеңіп алды.

«10150100 Туризм» мамандығы

«10150100 Туризм» мамандығы бойынша біліктіліктер

4S10150104 Туризм саласының менеджері;

3W10150103 Туристтік агент;

3W10150102 Экскурсовод.

Туризм саласындағы менеджер-туризм және туристік ұйымды басқару саласындағы кәсіби қызметке дайындалған маман.

"Мирас аруы-2021" байқауы

2021 жылдың 15 мамырында мақсаты жастар бойындағы эстетикалық тәрбиелеу жүйесін жетілдіру болып табылатын "Мирас аруы-2021" байқауының қорытындысын жариялаймыз. Барлық байқау тапсырмалары байқау туралы ережеге сәйкес қашықтықтан (онлайн) өткізілді.

Оқытушылар арасында «ҚБТ режимінде педагогтердің кәсіби дамуы: жаңашылдық, мәселелер, тәжірибе» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция қорытындысы

«Мирас» коледжі» мекемесінде 2021 жылдың 28 сәуірі оқытушылар арасында «ҚБТ режимінде педагогтердің кәсіби дамуы: жаңашылдық, мәселелер, тәжірибе» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізілген болатын.

«ҚБТ жағдайында тұлғаның өзін-өзі дамытуы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция

2021 жылдың 21 сәуірінде  2020-2021 оқу жылындағы арналған ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Мирас колледжі» мекемесінде» колледждің 1 курс білім алушылары арасында «ҚБТ жағдайында тұлғаның өзін-өзі дамытуы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

“Ғылым және технологиялар” тақырыбында ғылыми конференция

“Мирас” колледжі” мекемесінде 2021 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған “Nur Otan” партиясы іс-шаралары жоспарын іске асыру мақсатында, 2-3 курс білім алушылары арасында қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы “Ғылым және технологиялар” тақырыбында ғылыми конференция өтті.

«Жас теннис жұлдыздары» тақырыбында «Үстел теннисі» жарысы

2021 жылдың 16 сәуірінде «Жалпы білім беру пәндері» ПЦК апталығының жоспарына сәйкес «Дене тәрбиесі» пәнінің оқытушылары Ховрина Н.В, Калдыкозов А.Б 1 курс білім алушылары арасында «Жас теннис жұлдыздары» тақырыбында «Үстел теннисі» жарысын өткізді.

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» әдеби-сазды кеші

2021 жылдың 15 сәуірінде «Жалпы білім беру пәндері» ПЦК апталығының жоспарына сәйкес «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті» пәндерінің оқытушылары Ширшикбаева А.Д, Абди Ж.Ә колледж оқытушылары мен білім алушылардың қатысуымен «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» әдеби-сазды кеш өткізді.

“Жамбыл өсиеттері” кітап көрмесі

2021 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2020-2021 оқу жылына арналған тәрбие ісі жоспарына және 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында, “Мирас” колледжі” мекемесінде “Жамбыл өсиеттері” кітап көрмесі өтті.