27.03.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен 1-курс білім алушыларына «Ақылдылар мен алғырлар» атты әдеби интеллектуалды ойын жүргізілді. Ойынның негізгі мақсаты білім алушыларды пікірталасқа, шаршытоп алдында ойын еркін жеткізуге жетелеу, ой-өрісін, шығармашылық қабілеті мен ширақтылығын арттыру болатын. Ойын барысында топ екі командаға бөлініп жарысты. Құрамында Мақал-мәтелді жалғастыру, жаңылтпашты мүдірмей айту, сұрақ-жауап секілді бөлімдерімен білім алушыларды қызықтыра білді. Нәтижесінде алғырлар тобы алға озып, өз шеберліктерін көрсетті.