Жаңалықтар

“Теңіз толқыны” коллекциясы

Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мәдениетті ұлт- мәдениетті ана” республикалық жоба аясындағы “ Ұлттық киім- ұрпаққа мұра” атты фестивальі өткізілді. Бұл іс-шарада “ Мирас” колледжі мекемесі шет қалған жоқ. Атаулы фестивальге “Теңіз толқыны” атты қазақи элементтер қосылған коллекциясымен Шарапова. А.Б.  Құралбаева. Ұ. Д белсене қатысты.

«Үздік оқырман» сайысы

Мирас» колледжі мекемесінде 10 маусым күні «Үздік оқырман-2022» сайысы өтті. Колледж кітапханашысы Г.И.Торебекова жоспар бойынша жасалған жұмыстарына есеп берді.

«Үздік оқырман-2022» сайысы 2 бөлімнен тұрды. 1 бөлім тақырып бойынша эссе жазу, 2 бөлім интелектуалды ойын.

Кітапханамен үнемі қатынаста, білімдерін жетілдіріп жүрген оқырмандарымызға  арнайы жүлделер берілді.

  • Формуляр бойынша - «Алтын формуляр» Құдайберген Алихан
  • Формуляр бойынша - «Күміс формуляр» Джакупова Балнұр

Колледж директоры Н.К.Абуева  оқырмандарға жүлделерімен құттықтап, кітап оқуға, шығармалар жазып білімдерін дамытуға шақырды.

«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық құндылық» тақырыбындағы іс шара

2022 жыл 4 маусым күні «Мирас» колледжі мекемесінде Қазақстан Республикасының рәміздеріне  зо жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық құндылық»  тақырыбында іс шара өтті.

Мемлекеттік рәміздер- мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағыарасындағы  сабақтастықтың жарқын бейнесі. Ұлтымыздың  рухын, салт- санасын, халқымыздың қаһармандығы мен даналығын, болашаққа арман –тілегін, үмітін жеткізетін киелі құндылықтар.Мемлекеттік рәміздер-ел дамуының ажырамас бөлігі.

«Қазақстан балалары-біздің болашағымыз» іс шара

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  жаңа  кірген 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.

«Балаларға ерекше назар аудару керек . Себебі олардың амандығы-мемлекетіміздің жарқын болашағының  сенімді кепілі»,-деп атап өтті Президент.

1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары-біздің болашағымыз» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Жыл сайын бүкіл әлемде жаздың бірінші күні атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз. Бұл мереке әрқашан қуанышты күлкілерге, керемет көңіл күйге  толы!

Біз балаларымыздың дені сау және бақытты болуын, лайықты білім алуы және өмірде өздерін көрсете алуы үшін  қолдан  келгеннің бәрін жасауға тырысамыз.

«Қасіретті жылдар құрбандары» еске алу кеші

Ағымдағы жылдың  31 мамыры күні «Мирас» колледжінің білім алушы  жастарымен «Қасіретті  жылдар  құрбандары»  тақырыбында Қазақ халқының саяси  қуғын-сүргін, репрессияға ұшыраған Алаш зиялыларын еске алу кеші өткізілді.Тарихи кезеңдерден  білім  алушыларға  Ұлтымыздың зиялы қауым өкілдерін таныстырып, олардың ұлтына сіңірген  еңбектері туралы баяндалып, кітап көрмелері қойылды.

«WorldSkills Shymkent 2022» қалалық байқауының жабылу салтанаты

«WorldSkills Shymkent 2022» қалалық байқауы өз мәресіне жетті.Байқау білім алушыларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашты. Мирас колледжі «WorldSkills Shymkent 2022» қалалық чемпионатын осындай көрсеткішпен аяқтады.

  • 5-алтын медаль
  • 3-күміс медаль
  • 4-қола медаль

Барлық жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

«WorldSkills Shymkent 2022» кәсіби шеберлік байқауы

2022 жылдың 23 мамырында "Мирас" колледжінде "Шаштараз өнері" және "бастауыш білім беру"құзыреттіліктері бойынша WorldSkills Shymkent 2022 кәсіби шеберлік байқауы басталды.Біздің оқу орнымыздың қабырғасында түрлі колледждердің студенттері қатысты. Жас мамандардың осы қиын сынағында сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Театр күні

2022 жылдың 23 мамырында мәдени және рухани даму мақсатында біздің колледж студенттері Опера және Балет театрына барды . Дарынды әрі харизматикалық әртістер тамаша бағдарлама көрсетті. Біздің студенттер өте риза болды!

«Роза Бағланова 100 жаста» іс шара

2022 жылдың  19 мамыр  күні "Мирас" колледжінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен  аты аңызға айналған қазақ опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Роза Бағланова 100 жаста» тақырыбында іс шара өтті. Іс шарада: кітап көрмесі, дөңгелек иүстел және топ сағаттарымен қатар Роза Бағланованың өмірлік жолдарымен шығармашылықтары туралы лекциялар тыңдалды.

Соғыс ардагерлерімен кездесу

2022 жылдың 6 мамыр күні «Мирас» құрметті қонақтарды қарсы алды. Соғыс ардагерлері. Колледж студенттері қиын әскери күндер туралы естеліктерді ардагерлердің ауызынан естуге ерекше мүмкіндік алды.

Кездесудің мақсаты: Отанға деген  патриотизмді насихаттау.