
03.11.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде төмендегі мамандармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында білім алушылар көптеген ақпарат алып, қызықтырған сұрақтарын қойды.
03.11.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде төмендегі мамандармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында білім алушылар көптеген ақпарат алып, қызықтырған сұрақтарын қойды.
03.11.2023 жылы «Мирас» коллджі мекемесінде 26.10.2023 жылы өткен «Мен таңдаған мамандық» тақырыбындағы эссе байқауының қорытындысы шықты. Нәтижесінде:
Сонымен қатар: Елтай Аяулым, Орынбай Балауса,Ташметова Хадишабану арнайы алғыс хатпен және сертификаттпен марапатталды.
26.10.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде студенттер арасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқауға 1 курс студенттері қатысты.
Мақсаты: Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауға үйрету. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет ететін және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бір екенін түсіндіру.
24.10..2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде 25 қазан - Республика күнініе орай «Менің Отаным-Қазақстан! » тақырыбында іс-шара өткізілді, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында түсіндерме жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері таныстырылып, білім алушылар арасында отан туралы өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды.
Республика күніне орай ақын -жазушы Мұзафар Әлімбаевтың 100- жасқа толуына байланысты тарихи құндылықтарын дарыту мақсатында «Кітапты бірге оқимыз...» іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: М. Әлімбаев туралы білімдерін кеңейту, балаларға арналған шығармалары, олардың жазылу тарихымен таныстыру. М. Әлімбаевтың «балалар ақыны» екенін таныту.
Білімділік - өмір жолы, еңбек жолы, шығармашылардан мәліметтер беру, шығармаларының жазылу тарихымен таныстыру, өлеңдерін жатқа айтқыза отырып мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру, мәнерлеп оқу үлгілерін меңгерту. Қатысушы топ БҚ-231-1г.
19.10.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде спорт және денсаулық фракциясы Султанов Кенан, белсенділер және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен бірге ұйымдастырылған волейбол спорт түрінен жарыс өткізілді . Жарысқа төрт команда қатысты. Ойын динамикалы, қарқынды өтті және де жарыста көптеген жанкүйерлер болды.
«Мирас» колледжі мекемесінің «Құқықтану» мамандығының білім алушысы Шушбаев Нұрсұлтан Түркістан қаласында өткен «Turkic World Championship» жарыс түрінен 2- орын және Алматы қаласында өткен «Kuz Open Qazaq Grappling» жарысынан 3-орын иеленді.
10.10.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде , ЖШС Клиника 77 медициналық орталығының терапевт-дәрігері Қалмырзаева Дана Амангельдиевнамен тұмауға қарсы «Тұмаудың басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциясының алдын алу. Вакцинация – тұмаудан сақтанудың тиімді тәсілі» тақырыбында арнайы жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында студенттер тұмаудың алдын алу жолдарымен және емдеу шараларымен танысты.
Мақсаты: Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімін табады. Сондықтан да, барлығымыз салауатты өмір салтын қалыптастырайық!
"Мұғалімдер күні» – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. 5 қазан- ұлағатты ұстаздар күніне орай «Мирас» колледжі мекемесінің ұжымын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектаевич арнайы Алғыс хатымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Осы орайда колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна және өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздарымызды төл мерекелерімен құттықтады.