Жаңалықтар

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес фотоконурс

16.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінің кітапханашысы Гүлшат Ибикеновна мен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Женисгул Ерболқызының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес фотоконурс өткізілді. Ондағы мақсат білім алушылар қалам ұштарын қиялымен ұштастыра отырып, оқыған шығармасы арқалы кейіпкер бейнесін көзге елестете отырып, шығармашылық жұмысқа баулу болатын. Олардың салған суреттері арқылы шығарманың қызықтырған тұстарын біле аламыз. Оқиға желісі оқырманды қаншалықты қызықтырғаны мен қорғаған сөз мәнеріне қарай білім алушыларға.

«Оқуға құштар колледж» Әзілхан Нұршайықовтың барша кітаптарын таныстыру

16.11.2022 жылы «Мирас» колледж мекемесінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес колледж білім алушыларын кітаппен достасуға шақыру мақсатында кітапхана ішінде көрме ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты да осында қазіргі ақпаратты заманда студенттердің кітаптан алары көп, олардың талпыныс күшін  арттыратын да осы кітап екенін түсіндіру, барлық бойымызға қалыптастыратын  қасиеттер осы алпауыт білімнің арқасында екенін ұмыттырмау. Соны елеп-ескере отырып, Әзілхан Нұршайықовтың барша кітаптарын таныстыру жүргізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Білім алушыларға қызықтырған тұстарын айтып, кітаптарын оқу ұсынылды. Соның ішінде сұранысқа ие болған кітаптары «Махаббат қызық мол жылдар» және «Мәңгілік махаббат жыры» атты шығармасы болды.

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау

11.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес колледж кітапханасында Гулшат Ибикеновнаның жетекшілігімен Шерхан Мұртазаның кітап көрмесі ұйымдастырыла отырып, білім алушылар қатарын кітап оқуға деген ынтасын арттырып, білімдерін кеңейте түсті. Бұл көрменің мақсаты  Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. Студенттердің бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқырмандарымыздың бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

“Жұмыс беруші күні” меморандум

2022 жылдың 15 қараша күні «Мирас» колледжі» мекемесінде  Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында өткізілетін  «Жұмыс беруші күні» іс шарасын бүгінде оқу ордасында  12 мамандық бойынша , 24 жұмыс беруші мекеме арасында меморандумға қол қойылды.

Колледждің әлеуметтік серіктестері 12 мамандық бойынша білім алып жатқан студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізіп, жұмыспен қамтиды.

«Жастар арасындағы зорлық-зомбылық, суицид, алкоголизм және нашақорлық, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары

08.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Жастар арасындағы зорлық-зомбылық, суицид, алкоголизм және нашақорлық, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл түсіндірме жұмыстың негізгі мақсаты  әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оны жою, бейім адамдармен  жеке профилактикалық  жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған жүйені таныстыру. Азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру, сондай-ақ сенім телефондары мен дағдарыс орталықтарының  бар екені туралы ақпарат жеткізу болды. Сонымен қатар «Сана сезім әйелдер бастамалық  құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінен Енипеева Э., Сағынбек С. Заңгерлері келіп, өз түсіндірмелерін жүргізіп қайтты. Бұл жобаға қатысқандар: Шымкент ҚПД  Абай аудандық, АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция-майоры Мухина И., полиция подполковнигі Қарабаева Айнұр болды.

«Темекі шегу немесе денсаулық? Таңдау сіздікі!» тақырыбында дөңгелек үстел

04.11.2022 жылы «Мирас» колледж мекемесінде темекі шегудің адам денсаулығына зиянды әсері туралы білімді қалыптастыру үшін «Темекі шегу немесе денсаулық? Таңдау сіздікі!» тақырыбында "Спорт және салауатты өмір салты" фракциясы Октамов Зафардың басқаруымен білім алушылар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жасөспірімдердің әдеттен тыс қызығушылығын сараптап, темекі шегу (нашақорлыққа) мүлдем жоламау керектігін түсіндіріп, арнайы лекция оқылды. Білім алушылар арасында сұрақ-жауап жүргізіліп, темекінің зиянды тұстарын атап өтіп, қатысушыларға сауалнамалар жүргізілді.

Білім алушылардың өзін-өзі басқару күні

31.10.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде  Өзін-өзі басқару бағдарламасы өткізілді. Бағдарлама барысында жоғары курс белсенді білім алушылар қатары, мұғалімдердің орнын алмастырып, сабаққа деген құлшынысын арттырды. Жаңа идеялар мен тың мәліметтер көтере білді. Бір-бірімен ой алмасып, тәжірибе жинақтады. Өздерін болашақ мұғалім ретінде сезінуге бір күндік мүмкіндік берілді.

«Жастар арасында аутодеструктивті мінез құлық және суицидтің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу» тақырыбында семинар тренинг

2022 жылы қазан айында «Мирас» колледж мекемесі  Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Жастар арасында аутодеструктивті мінез құлық және суицидтің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу» жобасы аясында өтілген семинар-тренингке қатысып, білім алушылардың психологиялық көңіл-күйі мен нормативті жағдайын бақылап, оң нәтиже көрсетті.

Республика күніне орай "Менің Отаным-Қазақстан" атты мерекелік іс-шара

22.10.2022 жылы "Мирас" колледж мекемесінде Республика күніне орай "Менің Отаным-Қазақстан" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту мақсатында, колледж білім алушыларының  арасында мерекелік концерт жүргізілді. Іс-шара барысында студенттер ән айтып, домбыраның күмбірлеген күйі мен "Ерке сылқым" би ансамблі өнер көрсетіп, Отанға арнау өдеңдері оқылды. Концертке жетекшілік еткен Жастар комитеті Женисгул Ерболқызы мен топ тәлімгері Динара Сейтжанқызы.

"Бірлігіміз жарасқан Қазақстан" жетекшілік сағат (кураторский час)

21.10.2022 жылы "Мирас" колледжі мекемесінде 25-қазан Республика күніне арналған "Бірлігіміз жарасқан Қазақстан" тақырыбында дәрістер мен кураторлық сағаты ұйымдастырылды. Аталған мерекенің тарихы мен мақсатын таныстыра отырып, жастарды белсенді өмір сүруге, елге қызмет ету мен патриоттық сананы кеңейтуді көздеді. Бірнеше сұрақтар қойылып, тың ақпараттар жеткізілді. Жиында алғаш болып модераторлық еткен "Сервис және технология" бөлімінің кураторы Динара Сейтжанқызы қазақ тілінде, "Экономика және ақпараттық технология" бөлімінің кураторы Ирина Александровна орыс тілінде дәріс оқыды.