05.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Дәстүрлі Ислам дінінің маңызы және кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында білім алушылармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Шымкент қаласы дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан білім алушылармен сауалнама жүргізді. Жергілікті ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Сүйін Жұмағали студенттер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар арнайы дайындалған видеоролик көрсетіліп, студенттер қызықтырған сұрақтарын қойды.