2021 жылдың 17-19 наурызы аралығында “Мирас” колледжі” мекемесінің тәрбие ісі жоспарына сәйкес, “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламасы “Ұлттық бірегейлікті сақтау” бағыты бойынша “Наурыз мейрамы - 2021” мерекелік бағдарлама құрылған болатын.
Бағдарлама жоспары бойынша атқарылған іс-шаралар:
- ”NauryzFest” ұлттық ойындар спартакиадасы;
- ”Айналаңды нұрландыр!” ұлттық киімдер байқауы;
- ”NauryzFood” ұлттық тағамдар видео-байқауы.
Қорытынды іс-шара ретінде ”Наурыз мейрамы - 2021” мерекелік салт-дәстүрлерді дәріптейтін іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара оқытушылар құрамы және білім алушылар құрамымен біріге атқарылды.
Көрсетілген салт-дәстүрлер:
- Ерулік;
- Қыз айттыру;
- Құда түсу.