Қайырлы кеш! Маған 2025 тің қызыл диплом алу бойынша критерийлары керек. GPA балл әсер етеді ме? Транскрипте С+ баллы кездессе, ол да кедергі ме? Дипломдық жұмыстан міндетті түрде А алу қажет пе әлде А- та бола береді ме?
Ответ: 18.10.2024
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -, С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «өте жақсы» бағаларымен қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.