Мирас Университетінің ресми сайты

Студенттерге арналған «Мемлекеттік қызметте және бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында құқықтық дәріс

09.04.2021 жылы құқық секторының з.ғ.к., аға оқытушысы Утаров К. А. «Мемлекеттік қызметте және бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында «Бизнес және қаржы», «Туризм, қонақжайлылықты басқару» мамандығының 2 курс студенттеріне құқықтық дәріс оқыды. Дәріс онлайн форматта өтті.

 

Бұл дәрістің мақсаты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы контексте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру проблемасын ұғыну, сондай-ақ студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалыптастыру болып табылады.

Утаров К.А.  сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Нәтижесі: студенттерді қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпаратпен таныстыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту.

Студенттер мәселелер бойынша белсенді талқылап, сұрақтар қойды.