2019 жылдың 19 қаңтарында Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының «NiK» оқу орталығында және 2019 жылдың 26 қаңтарында Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылының А. Шеримкулов атындағы жалпы орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімдерінеарналған «Village Project Renaissance» атты семинар-тренинг өткізілді.Аталмыш семинар ауылдық жоба аясында Hornby Educational Trust (Ұлыбритания)қолдауымен Мирас университетінің тілдік білім беру бойынша маманы Летяйкина Татьяна Адыгамовна басшылығында ұйымдастырылды.
Бұл жобаның мақсаты –интербелсенді әдістерді қолдану бойынша кәсіби құзыреттілікті және оқыту барысында оқушылардың қарым-қатынас жасау дағдыларын бағалау стратегиясын жетілдіру болып табылады. Семинар барысында тілді үйрену аясында оқушы және оқытушының тығыз байланыста болуы, тыңдау және сойлеу дағдыларын дамытудың ынталандыру тәсілдері, сонымен қатар, критериялық бағалау құралдарын әзірлеу стратегиясы мәселелері талқыланды.
Жоба шеңберінде Мирас университетінің тілдік пәндер кафедрасының аға оқытушысы Мамадалиева Юлдуз Арифовна «Task-based Instructions in Teaching Structures» тақырыбында семинар өткізді. Бұл тақырып бойынша қатысушылар сабақты «тапсырма арқылы оқыту» әдісімен, яғни дәстүрлі түрдегідей берілген тақырыпты түсіндірмей, тілдік дайындықсыз жүргізу тәсілі бойынша мәлімет алды.