19.10.2017 жылы ОҚО ІІД Әлфараби ПБ «Полицияның ашық есік күні»
050301-Құқықтану және 050304-Кеден ісі мамандықтарының 3-4 курс студенттері мен Тарих және құқық кафедрасының аға оықутшылары Жайлауова А.Ш., Сарсенова Н.Ш. іс-шараға қатысты.
Полиция ашық есік күніне Шымкент ҚІІБ-сы және оған бағынысты Абай, Әл-фараби, Еңбекші және Қаратау полиция бөлімінің басшылығы және сала қызметкерлері қатысты.
Сағат 9-30-да Әл-фараби ПБ-ғимаратының ауласында қарсы алумен басталды. Сағат 9-50-де Абай ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі М.Асқаров «Полицияның ашық есік күні» іс-шарасының мақсатын түсіндірді. Содан кейін іс-шараға бөлінген полиция қызметкерлері, әр қайсысы өздерінің саласы бойынша студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Студенттер атап айтқанда ЮР-411р1 тобының студенті Қазбекова А., ЮР-411к1 тобының студенттері Жамалбек А., Зетхан М., Тағайбек С., Санақұл С., Утебаева А., Оспанова А., ЮР-511к2 тобының студентері Таукеева З., Малтай А., ТД-411к1 тобының студенті Ігілік Ф. Сияқты студенттер полиция қызметі туралы, қылмыстар туралы, құқық бұзушылықтарды алдын-алу, жедел криминалистикалық зертханалар туралы сұрақтар қойды.
Полиция қызметкерлері іс-шара барысында құқық бұзушылықтарды алдын-алуда атқарып жатқан жұмыстарнының оң нәтижелерімен халықты жан-жақты хабардар ету, сондай-ақ жастарды полиция қатарына тартып, кадр резервін қалыптастыру, жауынгерлік жабьдық және жедел криминалистикалық зертхана зерттеулерінің автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйелерінің соңғы жетістіктерімен таныстырды.
Іс-шара өткізу барысында студенттердің қойылған сауалдарына сала мамандарының тарапынан түсіндірме жүргізілді.
Студенттер соңғы техникалық жабдықтармен және арнайы киім үлгілерімен, жылжымалы ккриминалистикалық зертханамен танысты.
ОҚО ІІД Әлфараби ПБ «Полицияның ашық есік күні» мерекелік іс-шара сағат 11-00 де аяқталды.
Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушылары:
Сарсенова Н.Ш.
Жайлауова А.Ш.