ФПИЯ конференциясы

ФПИЯ конференциясы

5 желтоқсан айында 2017 жылы «Мирас» университетінде Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік «Адами капитал сапасын жақсартуда білім беру жүйесінің рөлі» атты конференциясы өтеді

Қатысушылардың құрамы – конференцияға қатысу үшін 10 және 11 сынып оқушылары, студенттер, магистранттар, жас ғалымдар шақырылады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша конференция жас ғалымдардың жүргізген зерттеу жұмыстарын талқылауға арналған пікірлесу алаңы болып табылады. Секциялардағы жұмыс ғылыми ізденістердің төмендегі бағыттары бойынша конструктивті пікір алмасуға ықпал етеді; инновацияларды, зияткерлік дағдыларды дамыту; жастардың арасында ғылымды танымал ету.

 

Конференцияны өткізу аясында келесі іс-шаралар жоспарлануда: дөңгелек үстел, «Бабалар өсиеті заманауи дизайнерлердің көзқарастарымен» атты көрме-байқау, мамандармен кездесу, семинарлар, сонымен қатар келесі бағыттар бойынша секция жұмыстары ұйымдастырылады:

Жаратылыстану ғылымдары:

  1. Қазіргі заманғы білім берудегі жаратылыстану ғылымдары.

 

Гуманитарлық ғылымдар:

  1. Инновациялық-бағытталған білім берудегі психологиялық-педагогикалық зерттеулер.
  2. Жоғары мектептегі арт-білім.
  3. Көптілділік - заманауи білім берудегі басымдылықтың бірі ретінде; жағдайы мен келешегі.

 

          Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілінде өткізіледі.

 

Конференцияға қатысу үшін өтінім (ұсынылған үлгі бойынша), электронды және қағаз түрінде баяндама мәтіндері, түбіртек көшірмесі 2017 жылы 20 қарашаға дейін, мына мекен-жай бойынша қабылданады: Шымкент қ., Ломоносов көшесі № 2, «Мирас» университеті, 2-ші қабат, бөлме 220.

Конференция ұйымдастыру комитетінің  жауапты хатшысы:  Кабылбекова Айсулу Тенелхановна

Анықтама телефондары: 8(7252) 33-77-77; с.тел.: +77778848544; +77023939488

Электрондық мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

         Қабылданған баяндамалар мәтіндері конференцияның жинағында жарияланады,  конференция сонында барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

Ұйымдастыру ақысы:

- «Мирас» университетінің магистранттары мен студенттері үшін - тегін;

- басқа қатысушыларға, мақаланы басып шығару үшін, ұйымдастыру ақысы 2000 теңге.

Төлем үшін реквизиттер:

«Мирас» Университеті Мекемесі
Шымкент қаласы, Ғани Іляев көшесі,3
индексі 160012
РНН 582 300 032 268
БИН 970 540 003 687
АҚ Казкоммерцбанк Шымкенттік ф-лы
Есептесу шоты: KZ779260801114515004
БИК KZKOKZKX
Кбе 18; КНП 861

            Төлем мақсаты – ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру ақысы.

 

Баяндаманың материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар:

  • конференция тақырыбына сай болуы керек;
  • көлемі –А4 форматты 4 беттен аспауы керек;
  • формат мәтіні – Word мәтіндік редакторында;
  • шрифт - «Times New Roman», «KZ Times New Roman», 14 пт;
  • шеттері: барлық жағынан - 2 см;
  • жоларалық интервал –1;
  • теңестіру - ені бойынша;
  • азат жол– 1см;
  • әдебиетке сілтемелер квадратты жақшада көрсетіледі (нүктенің алдында);
  • суреттер мәтінде бірінші сілтемеден кейін орналасады, суреттің атауы және реттік нөмері (Сурет 1. Суреттің атауы) суреттің астында көрсетіледі, теңестіру – ені бойынша, азат жол– 1см;
  • кестелер мәтінде бірінші сілтемеден кейін орналасады, кестенің атауы және реттік нөмері (Кесте 1. Кестенің атауы) кестенің үстінде көрсетіледі, теңестіру – ені бойынша, азат жол– 1см;
  • Кесте мен суреттегі шрифт – 12пт-дан кем емес;
  • мақала соңында әдебиет тізімдері ұсынылады.

 

Сол жақ жоғарғы бұрышында ОӘЖ көрсетіледі; желісінен кейін ортасында – мақаланың атауы (үлкен қалың әріппен); желіден кейін ортасында – автордың аты-жөнінің бірінші әріптері мен тегі;  келесі желінің ортасында – оқу немесе жұмыс мекемесінің, қаланың, елдің атауы.

Желіден кейін курсивпен, қысқаша түсініктеме/резюме: орыс тіліндегі баяндама үшін «түйін» және «summary», қазақ тіліндегі баяндама үшін  «резюме» және «summary», ағылшын тіліндегі баяндама үшін «түйін» және  «резюме»;

Желіден кейін – негізгі мәтін, бір жоларалық интервалмен терілу керек; мәтінде [1] сілтеме түрінде қолданылған әдебиеттер дереккөздерінің тізімінде, негізгі мәтіннен бір жоларалық  интервал қалдырып көрсетіледі. Библиография көздері мәтінде қалай көрсетілсе,  солай орналасады және келесі ережелер бойынша рәсімделеді:  автор(лар) аты-жөнінің бірінші әріптері және тегі, дереккөз атауы, басылым орны, жариялау орны, жылы (конференция жинағы үшін – қаласы, елі, жылы), толассыз нөмірлеу.

 

Жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды сақтай отырып, материалды мұқият редакциялап ұсыну керектігіне сіздердің назарларыңызды аударамыз.

Ұйымдастыру комитеті ғылыми жаңалығы жоқ немесе грамматикалық қателігі бар материалдар үшін жауапты емес.

Ұйымдастыру комитеті материалды қабылдамауға құқығы бар. Қолжазбалар қайтарылмайды.

      

Материалдарды жариялауға беру үшін соңғы мерзімі: 20  қараша  2017 жыл.

 

           Үлгі

 

ОӘЖ (12пт.)

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ (12пт)

Б. Толғатов (12пт.)
«Мирас» университеті , Шымкент қ., Казақстан (12пт.)

Түйін (12пт.)
Summary (12пт.)

Баяндаманың негізгі тақырыбы (14 пт.)
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
Қолданылған әдебиет тізімі (12 пт.)
1.
2.

Конференцияға қатысушының мәлімдемесі:

  • Аты-жөні,тегі (толықтай)
  • Жұмыс/оқу орны (ұйымның атауы)
  • Курс, тобы
  • Байланыс деректері: тел., e-mail
  • Ғылыми жетекшінің аты-жөні, тегі, ғалымдық атағы, ғалымдық дәрежесі
  • Секция атауы
  • Баяндаманың тақырыбы
  • Қажетті техникалық жабдықтар
  • Қолы

 

СКАЧАТЬ ПУБЛИЧНЫЙ ДОГОВОР

 

 

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...