Мирас университетінде оқытушылар ПОҚ біліктілігін арттыру бағдарламасынан «Miras university teaching excellence school /Мирас университетінің оқытушыларының кәсіби шеберлігі мектебінен» өтті.
Бағдарламаның басты міндеттері алдыңғы қатарлы оқытушылық тәжірибені, кәсіби білім берудің инновациялық технологиясын қорытындылау және тарату, осы негізде маман даярлау сапасын жетілдіру болып табылады.
Бағдарлама мақсаттары:
- университеттің заманауи білім беру ортасының білім стандарттарының талаптарына сәйкес оқытушылардың тілдік және коммуникативтік, кәсіби құзіреттілік жіне компьютерлік машықтарын жетілдіру;
- жаңа кәсіби білім алуда оқытушылардың сұранысын және білім беруді дамытудағы жаңа тенденцияларға сәйкес оқыту процесін ұйымдастырудағы тәжірибені алуды қанағаттандыру;
- оқытушыларға шығармашылық әлеуетін, мансаптағы жолын іске асыруға көмек беру;
- университетте білім беру сапасын арттыру.
Бағдарламаны конкурстық негізде Университеттің таңдаулы оқытушы –магистрлары өтті.
Жеңімпаз – тілдер пәні кафедрасынан Полатова С.Д. Университет есебінен докторантурада оқу құқығына ие болды.