Оңтүстікте жазда не көп болуы қажет? Әрине, су қоймалары, бұрқақтар, ал ең бастысы, салқын суға басына дейін малынып шығып, шыдатпас ыстықтан қорғануға болатын бассейндер. Сонымен бірге сіз шомылуды және күнге күюді жақсы көрсеңіз, онда бұл жаңалық сізге арналған. Жуырда Мирас Университетінде заманауи бассейннің ашылуы өтеді.
Бұл бассейннің ашылуын студенттер ұзақ уақыт күтті. Ақыры, осы жазда көптен күткен осы оқиға болады!
Бассейн барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Сонымен бірге, нысанда хлорды қолданусыз суды тазартудың жаңа жүйесі қолданылады.
Салауатты өмір салты тақырыбы әрқашан өзекті болды және осы уақытта да сондай болып қалуда. Спорт, ал оған қоса тіпті жүзу пайдаға да, рақаттануға да бөлейді. Бұл спортпен пайда үшін ғана емес, жеке рақат алу үшін де айналысады. Мирас университетінің студенттері жүзу спортымен айналысу үшін осындай кешеннің ашылуы үшін басшылыққа үлкен алғыстарын білдіреді, себебі спорт – салауатты өмір салтының басты құрауыштарының бірі болып табылады.