1 шілдеде Мирас университетінде дипломдар табыстау рәсімі кең ауқымда болып өтті!
Шымкентте дипломды жоғары білікті мамандар қатары толыға түсті. 1440 бакалавр мен 80 магистр Мирас университетін бітіргені туралы дипломдар алды.
Бұл жолы да, Мирас жоғары деңгейдегі ғаламат әрі есте сақталатын шара ұйымдастырды. Талғаулы фуршет, костюмделген шоу, әсерлі дискотека, шараның фишкасы жыл сайынғы дәстүр – мыңдаған ауа шарларын көкке жіберу болды. Түлектер өзінің сүйікті университетінің қабырғасында бола жүріп, бүкіл студенттік өмірі секілді, өзінің бітіру кешін ұзақ есінде сақтайтын болады.
Мирас университетіндегі білімнің жоғары деңгейінің арқасында түлектер әркез еңбек нарығында қажет болады. Бүгінде Мирас университетіне еңбекке орналастыруға өздеріне мамандар іздеу үшін банктердің, өнеркәсіп орындарының басшылары келеді.
Мирас университетінің қызметкерлері міне 20 жыл бойына «Жұмысты дұрыс істе!» ұранымен жүріп келеді.
Педагогикалық ұжым студенттердің мәнсабын құруына қажетті білімдерді бере отырып, оқу сапасын жақсартумен ұдайы жұмыс істеп келеді. Міне, сондықтан да біздің ЖОО түлектері жұмысқа орналасу мәселесін бастан кешірмейді.
Мирас университетінің қабылдау комиссиясы талапкерлерді Ғани Иляев көшесі,3 үй мекен-жайында күтеді.
Больше фото по ссылке