Филип Моррис Қазақстанның (ФМҚ) тарихы 1993 жылы «Алматы Темекі Компаниясы» АҚ сатып алудан басталды. ФМҚ Алматы облысында орналасқан замануи фабрикасы бар. Компания бүгін Қазақстанға сатуға, сондай-ақ басқа да Орта Азия елдеріне экспортқа шығаруға белгілі халықаралық брендтердің тауарларының кең көлемді ассортиментін шығарады.
Темекі шегудің денсаулыққа зиян екенін бәріміз білеміз, бірақ біз қарыштап дамыған интернационалды компанияның бір бөлшегі болу үшін бағымызды қаншалықты сынаймыз?
2016 жылдың 8 маусымында «Мирас» университеті өзінің түлектері мен жоғарғы курс студенттерін қатыстырып, компания өкілдерімен кездесу ұйымдастырды, онда қатысушылар компания, оның штабы, жобалары мен жетістіктері туралы ақпарат алды. ФМҚ өкілдерінің әрбірінің тарихы туралы білу өте қызық еді, оның әрбірі өзінің карьерасын жас шағында бастаған, және бірнеше жылдан кейін аяғына тік тұрған. Осы фактілердің сыртында табанды еңбек, мүдде мен адамның ішкі қызығушылығы жатыр.
Кездесу барлығына компаниямен танысуға қана мүмкіндік берген жоқ, сонымен қатар еліміздің белгілі компаниясында жаз айында ақылы тәжірибеден өтуге мүмкіндік бар екенін білдірді.
Біз мұндай кездесулер немесе семинарларға үнемі қатысуға кеңес береміз. Мүмкін сіз өзіңізді күтпеген қызмет саласынан табатын шығарсыз.
Іздеңіздер және қатысыңыздар, және сіздің тағдырыңыз сізді өзі іздеп табады!