2016 жылдың 26 мамырында «Отырар» телеарнасының базасында студенттер үшін мастер-класс өтті, мұнда әр қатысушы мобильді құрылғыларға арналған ең үздік және пайдалы қосымшалар туралы ақпаратты алды. Мобильді телефонды пайдалана отырып, біз ең қызықтының бәрі қоңыраулар соғуды немесе бейне шақыруларды жасауда емес, бағдарламашылардың күн сайын шығарып жатқан қосымшаларының құпиясында екенін айқын түсіне аламыз.
«Үйренуге арналған мобильді технологиялар» мастер-классы – бұл ірі мобильді компаниялар өткізетін «Digital Life» үлкен білім беру бағдарламасының бір бөлігі. Негізінен мұндай бағдарламалар қазақстандықтардың мобильді сауаттылығын арттыруға бағытталған. Оған ашық тренингтер мен акциялар кіреді, олардың мақсаты – смартфондардың артықшылықтары туралы айтып беру және мобильді телефонды пайдаланушылардың білімі, денсаулығы, жеке әлеуеті мен шығармашылығын ашу үшін пайдалы болатын әртүрлі қосымшаларды қолдануды үйрету.
Осындай семинарға қатыса отырып, «Мирас» университетінің ІІ және ІІІ студенттері бау-бақша ішінде болып, өзіне бір себет жемістер жинап алғандай әсерде болды. Смартфонды бүкіл 100% пайдалану мүмкіндігін беретін креативті қосымшалар көрсетілген болатын. Технологиялардың осы жаңа дәуірі трендтен қалып қойған адамдарды кешірмейді, бірақ оны қадағалау үшін үнемі құлшынысқа толы болу керек және бізге өмір сыйлайтын барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тырысу керек.
Осындай іс-шараларды өткізіп алмаңыз, бәлкім Сізге де бір күні отандастарымыздың өмір сүру салтын өзгертетін қосымшаны жасау мүмкіндігі түсетін шығар.