2016 жылғы 15-19 мамыр аралығында, Х.К. Андерсеннің отаны – Копенгаген қаласында бүкіл жер шарынан келген жастар, дипломаттар, әлемдік көшбасшылар қатысқан 4-ші дүниежүзілік «Women Deliver» конференциясы болып өтті. Конференция әлем көшбасшылары маңызды жаһандық мәселелерді шешуді ең алғаш қолға алған 2007 жылы Лондонда бастау алды.
Бұл жылы 5000 қатысушы дамушы елдердегі әйелдер мен балаларға білім беру мәселелерін шешу бағытында жұмыс істеді, олардың денсаулығы мен жұмыссыздық мәселелерін талқылады. БҰҰ Бас Ассамблеясының Президенті, UNFPA, UNDP директоры, Мелинда Гэйтс, Дания, Нидерланд, Африка елдерінің ханшайымдары және белсенді түрде қатысқан көптеген бизнесмендер жастардың, ересек адамдардың, көшбасшылар мен ізбасарлардың серіктестігінсіз біз ешқашан өз қоғамымызды өзгерте алмайтынымызды атап өтті.
Шығыс Еуропа мен Орталық Азия атынан 28 адам өкіл болып қатысты. Бұл конференцияға кез-келген адам қатыса алған жоқ. «Мирас» университетінің қызметкері, біздің 2015 жылғы түлегіміз Сман Ақмарал БҰҰ Халықтық Қорының қолдауымен Қазақстан жастары мен Y-PEER тең оқыту жүйесінің мүддесін қорғады.
«Мен Қазақстанның жалғыз өкілі болып шықтым, сондықтан, жас белсенді ретінде, менің иығымда үлкен жауапкершілік жүгі болды», – дейді Ақмарал.
Мыңдаған адамдар бейресми білім беру саласындағы тәжірибе алмасу алаңын құрып, өз табыстарын және жаңа жұмыс әдістерін қоғаммен бөлісті. Жүзден аса үкіметтік емес ұйымдар әрбір адамның жұмыс істеп тұрған жобалар бойынша ақпарат алуына мүмкіндік беретін көрме ұйымдастырды.
Сіздің мамандығыңыз бен қызмет салаңыздың қандай екені маңызды емес, егер сіз өз айналаңызды өзгертуге, қоғамға көмектесуге, оны реформалау мен дамытуға үлес қосуға, өз қоғамыңызда көшбасшы болуға дайын болсаңыз, онда сіз міндетті түрде осындай бірегей конференцияға тым болмағанда өміріңізде бір рет болсын қатысуыңыз керек.