2020 жылы 14 қаңтарда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «ЖОО жағдайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жүйелі тәсілі» атты семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке «Мирас» университетінен әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша проректор Султанова В.И., тәрбие жұмысы бойынша үйлестіруші Байкенжеева Д.Б. қатысты.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын орындау, ұлттың рухани жаңғыруы үшін ұлттық саясаттың басымдықтарымен танысу.
Семинар-тренинг барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2020 жылға арналған жоспарлар мен іс-шаралар талқыланды.
Соңында семинар-тренингтің жұмысын қорытындылап, сертификаттар тапсырылды.