2019 жылдың 30 қыркүйегінде Мирас университетінде «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының бірінші курс студенттері арасында «E-gov электронды үкімет туралы ақпарат беру - студенттердің цифрлық сауаттарын ашу» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Мақсаты: студенттерде үйден шықпай-ақ, онлайн қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды қамтитын электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Студенттер E-gov электрондық үкімет қызметтері мен сервистерімен танысты, электронды-цифрлық қолтаңба туралы ақпарат алды, ЭЦҚ алуға өтінім берді, сондай-ақ Facebook және ВКонтакте-де жеделхат-бот және чат-боттар ретінде танымал мессенджерлер арқылы анықтама алу туралы ақпаратты алды.