29 қараша күні 312 аудиторияда құқық секторының лекторы тарих ғылымдарының кандидаты Султанова В. И. студенттермен «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні» тақырыбында дәріс-әңгіме өткізді. Дәріскер Сұлтанова 1 желтоқсанда қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін дәстүрлі түрде атап өтетіндігін сөз етті. Іс-шараның қонағы Корганова С.С. Қазақстан халқы Ассамблеясының ҰЭК мүшесі атап өткендей, Тұңғыш Президент күні 2012 жылдан бастап атап өтіліп жатқандығын айтты. 2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» заң қабылданды. Мереке Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көптеген жетістіктерін тану мақсатында ұйымдастырылды.