10 қаңтар 2020 ж. тарих ғылымдарының кандидаты, университеттің ассоц.профессоры Султанова В.И. Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізді. Ол биылғы жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толатынын атап өтті. Мемлекеттік және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Бірақ мұның бәрі Президентіміздің мақаласында атап өткендей, көңіл көтеру үшін емес, біздің көкжиегімізді кеңейту және рухани даму үшін жасалады.Абай Құнанбаев ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде еліміздің тарихында үлкен із қалдырды. Студенттер Президенттің ұлы ағартушының 175 жылдығына арналған іс-шаралар өткізу идеясын зор қолдады.