Мен, Дарханбай Гүлмира, 3 курс, ИН-711Р-2 тобының студенті, "ASAA" жастар қоғамдық бірлестігінің атынан "Еріктілер форумы – 2019" қатыстым. Форум екі күнге созылды, 11 және 12 желтоқсанда 1000 адам қатысты. 11 желтоқсанда 13 сессия өткізілді, олардың ішінде мен "Корпоративті еріктілікке" қызығушылық таныттым. Осы сессиядан мен Қазақстанда қандай ұйымдар бар екенін, осы уақыт ішінде еріктіліктің қандай биіктерге жеткенін білдім.Күн соңында "Қазақстанның үздік еріктісі 2019" марапаттау рәсімі өтті, онда 10 номинацияда ең белсенді еріктілерді марапаттады.Форумның екінші күні 10 қызықты сессия өткізілді, қандай сессияға баруды таңдау қиын болды. Дегенмен, мен "Жеңіс жобасы"сессиясын таңдадым. Бұл жоба ардагерлерге көмек көрсетуге бағытталған және жыл сайын республикалық деңгейде өтеді. Мен "ASAA" ЖҚБ-мен бірге 2019 жылы Шымкент қаласындағы осы жобаның бір бөлігі болдым. Сессия барлық өңірлерден келген үйлестірушілерді, көшбасшыларды, донорлар мен еріктілерді біріктіріп, тәжірибе, эмоциялар, ардагерлерге көмектесу үшін не өзгерту немесе жақсарту туралы ұсыныстармен алмасты. Бұл қызықты сессия болды, барлығы уақытты ұмытып кетті.