2019 жылдың 16 қазан күні РЭТ-811к1, РЭТ-811к2 тобының студенттеріне «Рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі» тақырыбы бойынша ашық тематикалық сағат өткізілді.
Мақсаты: Студенттерді азаматтық тәрбиеге және рухани адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында магистр, аға оқытушы Эрманова Д.Р. студентерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасын толыққанды түсіндіре отырып, әр адам өзіндік санасының дамуына жағдай жасап, қоғам өмірінің, жалпы азаматтық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік, этикалық ұстанымдарын өз бойына қалыптастыру керек екендігін айтып берді.