2019 жылы 25 қыркүйекте «Құқық және кеден ісі» бағытындағы бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К. А. «Мирас» университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2019-2020жж. жұмыс жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында «Сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріскер студенттерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның негізгі ережелері туралы баяндады, сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік пен шараларды түсіндірді.