10 қазан 2019 жылы «Дизайн» ББ бағытының 2 курс студенттеріне құқықтық лекторий өткізілді. Лектор з.ғ.к., аға оқытушы Имашев Б.Е.
Дәрістің тақырыбы: «Қазақстан Республикасының ҚК және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексі бойынша «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түсінігі мен түрлері»
Дәріс барысында дәріскер сыбайлас жемқорлық түрлерінің негізгі мәселелерін айтып өтті, атап айтқанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда сыбайлас жемқорлық әрекеттері екі түрге бөлінеді: сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар.
Біріншісі – Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қылмыстық жауаптылық пен жаза, екіншісі – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылық пен жаза туындайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған 15-тараудың арнайы бөлімі: «Сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар». Бұл тарауда жазалауға жататын қылмыстық қылмыстар, сыбайлас жемқорлықтың мынадай түрлері ретінде жіктеледі:
Қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану;
Билікті асыра пайдалану;
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу;
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау;
Пара алу;
Жауапты адамға жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру;
Парақорлыққа делдал болу;
Қызметтік жалғандық;
Қызметтегі әрекетсіздік