2019 жылы 18 қыркүйекте «құқық және кеден ісі» бағытындағы бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Б. Е. Имашев сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында, «Мирас» университетінің 2019-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру бойынша жұмысты қамтамасыз ету, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң нормаларын мүлтіксіз сақтау тақырыбында дәріс өтті.
Таныстыру барысында лектор студенттерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның негізгі ережелері туралы ақпарат берді, осы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдағы кейбір ұғымдар туралы әңгімеледі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік кодексіне сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы түсіндірді және олардың сұрақтарына жауап берді.