
2014 жылдың 26-сәуірінде «Ғылымдағы жаңа сөз: аймақ экономикасының тұрақты даму стратегиясы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция бойынша «Educational Leadership in EFL Context» секциясы жұмыс жасады. Бұл іс-шараны «Мирас» университетінің «Шет ел тілдері» кафедрасы мен KazTEA и ОО «ТЕШ» (Шымкент қаласындағы ағылшын тілі оқытушыларының ассоцициясы) АҚШ Елшілігінің қаражат қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – ағылшын тілін оқыту негізінде оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін машықтандыру, сонымен қатар білім саласындағы ағылшын тілін шет ел тілі ретінде оқып-үйренудегі белсенділігін арттыру.
Біздің серіктестер: мемлекеттік АҚШ департаменті, InterPress ЖШС, Macmillan Kazahstan ЖШС, Шымкент қаласының қалалық білім бөлімі.
Конференцияның жұмыстарына ЖОО-нан 31 оқытушы және Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Семей, Жезқазған, Қарағанды, Балқаш, Тараз, Алматы, Қызылорда қалаларының оқу орталықтарынан, мектеп, колледждерінен және ОҚО мектептерінен 26 мұғалім қатысты. Сонымен қатар Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, Ұлыбританиядағы, АҚШ-дағы, Пәкістандағы және Канададағы шет елдік әрпітестер қатысты. Сіздердің назарларыңызға «Educational Leadership in EFL Context» бағдарламасын және қатысушылардың материалдарын ұсынамыз.
Бағдарлама «Educational Leadership in EFL Context»
«Educational Leadership in EFL Context»секциясы қатысушыларының мақалалар жинағы