22.10.2021 сағат 16-00-де Мирас университетінде ақпараттық-түсіндіру штабының мүшесі болып табылатын Шымкент қаласының "Шымкент Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің спикері Ермек Төленұлы Бекбосыновпен кездесу өтті.
Мақсаты: университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Кездесу барысында спикер Ермек Төленұлы сыбайлас жемқорлық ұғымына сипаттама беріп, шет елдердің модельдерін ашты. (АҚШ, Еуропа және т.б.).
Ол Қазақстандағы осы жұмыстың жетістіктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтты. Пікір алмасу өтті. Д. М. Қыстаубаева студенттер мен ПОҚ арасында академиялық адалдық фактілерін болдырмауға мүмкіндік беретін Мирас университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді