2021 жылғы 27-28 қыркүйек күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Біркөлік Айса» демалыс аумағында тимбилдинг оқу жаттығу жобасы өткізілді.Оқу жаттығу жобасына «Қазақстан волонтерлер лигасы» қоғамдық қорынан 5 волонтер барды.
Мақсаты: Жастар арасында волонтерлік қозғалысқа деген қызығушылығын арттыру волонтерлік ұйымдар арасындағы әріптестік байланысты нығайту,қаладағы ерікті топтардың басын қосатын ортақ алаңша қалыптастыру,олардың білімдері мен көшбасшылық қабілеттерін арттыру;
Нәтижесі:Оқу-жаттығу барысында семинар-тренинг өткізілді.Сонымен қатар жобаға қатысушы жастармен Шымкент қаласы мәслихатының хатышы Бахадыр Нарымбетов,Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділхановпен кездесу өтті.