«Мирас» университетінің әкімшілігі (бұдан әрі - Университет) Сізбен арада жасалған білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімшарттың (бұдан әрі - Шарт) талаптарына сәйкес, Білім алушының Университетте білім алу кезеңіндегі құқықтары мен міндеттері бекітілгенін хабарлайды.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47 бабына сәйкес, Білім алушылар білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген талаптарды орындауға міндетті. Білім алушылардың міндеттерін бұзғаны үшін оларға шартта көзделген шаралар қолданылуы мүмкін.
Университет Жарғысында бекітілгендей, Білім алушы келісімшартты бұзғаны үшін оқудан шығарылады.
Шартқа сәйкес, «білім алушы оқу сабақтарының барлық түріне қатысуға міндеттеледі; академиялық адалдық қағидаларының бұзылуына жол бермеуі тиіс; Жарғының, ішкі тәртіп ережелерінің, академиялық саясат және Университеттің өзге де ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс».
«Мирас» университетінің Академиялық саясатының» 10.17. тармағына сәйкес, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау мен аралық аттестаттау онлайн-прокторинг технологиясын қолдану арқылы жүргізіледі: бақылау тапсырмасын орындау кезінде білім алушының қимылы және бақылау жұмысының барысы бейнетаспаға жазылады.
Онлайн-прокторинг барысында келесі жайттардың бар-жоғы тексеріледі: өзге тұлғамен алмастыру, толықэкрандық режимнен шығып кету, бейнекамераның қамту аймағынан шығып кету, гаджет немесе баспа материалдарын қолдану, өзге тұлғалардың көмектесуі, видеожазбаны фотосуретпен алмастыру және т.б.
Әрбір бақылау рәсімінің бейнежазбасы жеке-жеке тексеруден өтеді, нәтижесінде бұзушылық фактісі айқындалған жағдайда, бақылау жұмысының қорытындысы жойылып, 0 балл қойыылады. Бақылау жұмысының нәтижесі 3 жұмыс күнінің ішінде бейнежазба тексеруден өткен соң білім беру порталында жарияланады.
Егер де көрсеткіш 0 – 49 балл болған жағдайда, білім алушыға бақылау жұмысын қайтадан тапсыруға қосымша мүмкіндік беріледі. Бақылау жұмысының нәтижесімен келіспеген жағдайда, білім алушы «Miras.app» порталының «Оқыту» бөлімі арқылы апелляциялық өтініш беруге құқылы.
Жоғарыдағы жағдайларды ескере отырып, теріс салдарды болдырмау үшін, Университет міндетті түрде Келісімшарт талаптарын сақтау қажеттілігіне назар аударады (оқу сабақтарына қатысу, тапсырмаларды уақытылы орындау, бақылау жұмыстарын тапсыруға жеке өзінің қатысуы және т.б.).
Болмаған жағдайда, мұндай факт Шарт талаптарын бұзушылық деп бағаланатын болады және Университет Сізбен жасалған Шартты бұзу және оқудан шығару құқығын өзіне қалдырады.