19 сәуір 2021 жылы сағат 12:00-де құқық секторының аға оқытушысы Серік Г. бірінші курс студенттерімен «Тарихтағы ұлы тұлғалар» тақырыбында онлайн әңгімелесу өткізді.
Мақсаты: Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, студенттердің зияткерлік деңгейін арттыру, туған ел тарихына деген танымдық қызығушылықты, Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту.
Аға оқытушы Серік Г. студенттерді тек Қазақстанда ғана емес, өз Отанына даңқ әкелген адамдардың өмірбаяндарымен таныстырды. Олардың шығармашылықтары мен жеткен жетістіктері туралы айтып өтті.
Нәтижесі: Студенттер тарихтағы ұлы тұлғалардың еңбектерін айтып, өзара пікір алмасты.