11.03.2020 жылы құқық секторының магистр, аға оқытушысы Алтаева М.О. «Қазақстан Республикасында азаматтардың мүдделерін қорғаудағы әділ мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге «Құқық» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел «Мирас» университетінің 204 ауд. өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігі мемлекеттің қолында екенін түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ мемлекет бөлімінен ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау болып табылады.
Алтаева М.О. өз сөзінде әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір аспектісі заң үстемдігінсіз және азаматтарымыздың қауіпсіздігіне кепілдік берусіз сәтті жүзеге асырылмайтынын айтты.
Студенттер белсенді қатысып, пікір алмасты.