04.03.2021 ж.сағат 10.30-да IT және телекоммуникация секторының менеджері М. Ж. Кошкинбаеваның 1 курс студенттерімен кездесуі ұйымдастырылды және "Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде университетте оқу процесін жүзеге асыру" тақырыбында әңгіме өткізді. Сондай-ақ ZOOM онлайн бағдарламасының порталында жоғары курс студенттерімен осы тақырып бойынша онлайн-кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жаңа COVID-2019 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау және алдын алу мақсатында студенттердің іс-әрекеттері туралы нұсқаулықпен танысты.
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бұйрығына сәйкес университеттегі санитарлық-эпидемияға қарсы режимге және студенттердің жеке гигиенасына, университетке кіру режимдерінің ерекшеліктеріне, ғимаратты санитариялық өңдеуге, студенттерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптарды және коронавирустың таралуын болдырмау үшін басқа да қажетті іс-шараларды қамтиды.