05.03.2021ж. «Мирас» университетінің «Шет тілдер» секторының менеджері Ташманова Г.Н. «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырып «Өзіңізді коронавирус, тұмау және ЖРВИдан қалай қорғауға болады?» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Іс-шараның мақсаты: студенттерге 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды түсіндіру, коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын қолдану ережелерін насихаттау.
Гүлжан Нұрлыханқызы студенттерге COVID 19 белгілері, аурудың белгілері анықталған кездегі іс-әрекеттердің кезектілігі, аурудың сақтық шаралары және алдын-алу, коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтамағаны үшін жауапкершілік және т.б. тұралы түсініктеме берді.
Нәтижесі: студенттер коронавирусқа, тұмауға және ЖРВИ-ге қарсы алдын-алу шараларымен танысып, маска кию инфекцияның таралуына қарсы күрес және өмірді сақтаудың басты шарасы екенін түсінді.