9 наурыз 2021 жылы химия, биология, дене тәрбиесі және спорт секторының аға оқытушысы Тайлиева А.К. онлайн режимде ХБ-2011к1 тобының студенттерімен «Ана – ардақты сөз» тақырыбында әңгімелесу өткізді.
Мақсаты: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әңгімелесу барысында жалпы қазақ әйелдерінің беделі, қоғамдағы орны туралы сөз қозғалды. Аға оқытушы Тайлиева А.К. ұлы Абайдың дана болып өсуде Зере әжеміз бен Ұлжан анамыздың еңбектері орасан зор. Сонымен қатар халық жадында сақталып қалған Тұмар, Қарашаш, Домалақ, Айғаным аналардың ұлт тарихындағы орны бөлек деп айтып өтті.
Нәтижесі: Студенттерге презентация көрсетіліп, тақырып талқыланды. Студенттер сұрақтар қойып, пікір алмасты.