03.03.2021 жылы «Мирас» университетінің химия және биология, дене тәрбиесі және спорт секторының менеджері Сулейменова М.Т. «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде университеттегі оқу процесін жүзеге асыру» тақырыбында химия және биология, дене тәрбиесі және спорт секторының 1-4 курс аралығындағы студенттерге дәріс оқыды.
Іс-шараның мақсаты: Студенттерге 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі бойынша короновирустық инфекцияның таралуынан болдырмауға байланысты шектеу шаралары кезеңіндегі оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша талаптарды түсіндіру.
Менеджер Сулейменова М.Т. «Мирас» университетінің барлық аумағында, соның ішінде аудиторияда маска кию қажеттігін, және дене қызуы жоғары болған жағдайда (37° жоғары) университет ғимаратына кіруге барлық адамдарға тыйым салынатындығын айтып өтті.
Нәтижесі: студенттер санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауға және талаптарды орындауға келісті.