17.02.2021 ж.бизнес және басқару секторының менеджері Коптаева Г.П. онлайн режимде 1-4 курс студенттерімен «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде университеттегі оқу процесінің барысы туралы» кездесу өткізді.
Мақсаты: студенттерге 2 семестр бойынша оқу форматын түсіндіру және санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау талаптарымен таныстыру.
Онлайн-кездесу барысында менеджер Коптаева Г.П. университеттегі білім беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ұйымдастырылғанын айтты.
Нәтижесі: студенттер 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі бойынша короновирустық инфекцияның таралуынан болдырмауға байланысты шектеу шаралары кезеңіндегі оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша талаптармен танысты.