1 наурыз 2021 жылы «Мирас» университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша проректоры, т.ғ.к., ассоц. профессор Султанова В.И. «1 наурыз – Алғыс айту күніне» арналған онлайн дәріс өткізді.
Мақсаты: студент жастардың бойында патриотизм рухын, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеу, ынтымақтастық, достық және өзара қолдау ниетін тәрбиелеу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын танымал ету және оны қоғамда одан әрі нығайту, Алғыс айту күнінің маңыздылығын түсіндіру.
Султанова В.И. аталған мерекенің тарихын айтып берді: 2016 жылы мерекені атап өту Тұңғыш Президенттің бастамасы болды. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурыз – жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және осы адамдарды туған-туысқандары ретінде қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді».
Дәріс барысында студенттерге «1 наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында бейнефильм көрсетіліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.