1 наурыз 2021 жылы «Мирас» университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша проректоры, т.ғ.к., университеттің ассоц.профессоры Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған онлайн дәріс өткізді.
Мақсаты: студенттерді қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделімен таныстыру .
Султанова В.И. осы мерекенің тарихын айтып берді: Қазақстан халқының бірлігі күні біздің мемлекетіміздің бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін баса көрсететін мереке болып табылады. Қазақстанда 150-ден астам ұлт пен этнос өмір сүреді, сондықтан бұл мереке барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды. Өзінің өмір сүруімен мереке ұлтына немесе діни көзқарасына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын барлық адамдардың теңдігін тағы бір рет дәлелдейді.
Жаңа мерекені 1995 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп, 1996 жылдан бастап атап өтеді.
Дәріс барысында студенттерге «Қазақстан халқы Ассамблеясының ел үшін маңызы қандай» тақырыбында бейнефильм көрсетіліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.