26.02.2021 жылы құқық секторының магистр, аға оқытушысы Алтаева М.О. «Мирас» университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жаһандық проблемасы» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс «Шет тілі» мамандығының студенттері үшін онлайн форматта өтті.
Бұл дәрістің мақсаты қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың мен себептерін анықтау болып табылады.
Алтаева М. О. өз сөзінде бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық ұғымы кең таралған және біздің мемлекетіміздің жаһандық проблемасы ретінде қарастырылады және ол үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін қазіргі заманғы қоғамның жағымсыз құбылысы болып табылатынын айтып өтті. Студенттер сұрақтар қойып, белсенді қатысты.
Нәтижесі: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасымен танысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормативтік-құқықтық актілерін түсіндіру.