22 ақпан 2021 жылы педагогика және психология, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, дефектология, информатика мұғалімі секторының п.ғ.к., аға оқытушысы Жанболатов С.Е. онлайн режимде «Адалдық алаңы» - біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек стол өткізді.
Мақсаты: студенттерді «Адалдық алаңы» жобасы туралы толық ақпарат беру, оның мақсаты мен міндеттімен таныстыру.
Жанболатов С.Е. бұл жобаның сыбайлас жемқорлық кең тараған және әлеуметтік маңызды салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталғандығын айтып өтті. Сонымен қатар «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс бағыттары жайлы ақпарат берілді.
Студенттер тақырып бойынша сұрақтар қойып, белсенді қатысты.