2021 жылдың 1-10 ақпан аралығында «Мирас» университетінің денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі Бывалец В.Н. университетте коронавирустық инфекцияны таратпау бойынша сақтық шараларына арналған бірқатар кездесулер өткізді.
Мақсаты: коронавирустық инфекцияның алдын алу
Кездесулер тақырыбы:
- COVID-19 коронавирустық инфекцияның алдын-алу
- COVID-19-ға күдік туындаған кездегі алдын алу шаралары және іс-қимыл туралы
- Жеке гигиена және тұрмыс гигиенасы ережелерін сақтау қажеттілігі
- Студенттердің оқу мекемесінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы
«ДауМед» медициналық орталығының психолог-дәрігері Абатова Г.У. студенттермен сұхбат жүргізді.
Нәтижесі: студенттерді жеке қауіпсіздік және басқалардың денсаулығын сақтау ережелерімен таныстырды.