18 ақпан 2021 жылы «Мирас» университетінің және спикерлер: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Есенов Мақсат Кенжетайұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раимбекова Бақытгүл Меиржанқызы, НЗМ педагогы Ахметов Даулет Маратовұлы, қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Asyl Myr волонтерлік саласындағы бағыттардың біріне арналған тарихи-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты Қазақстан тарихының рухани мұрасын дәріптеу және оның мән-мәтінінде біздің заманымыздың тарихи оқиғаларын ұғыну болып табылады.
Міндеттері:
- Азаматтық қоғамның моральдық құндылықтарына негізделген гуманистік дүниетанымды, тәуелсіз сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасы субъектілерінің білім беру мекемелерінде Қазақстан тарихын зерделеу бойынша жұмысты жандандыру;
- Қазақстан тарихын зерделеу мен оқытуға, тарихи жадыны сақтауға білім алушыларды, педагог қызметкерлер мен өзге де ұйымдардың мамандарын тарту, осы курсты оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін анықтау, қатысушылардың тәжірибесін білім беру мекемелерінің педагогикалық практикасына интеграциялау.
Нәтижесі: Жас ғалымдардың қызықты баяндамалары тыңдалды, конференцияға қатысушылар тарихи пәндерді оқыту тәжірибесімен бөлісті, ғылыми жаңалықтар туралы пікір алмасты.