12.02.2021 жылы сағат 12.15-те ZOOM онлайн бағдарламасының порталында құқық секторының менеджері 1-4 курс студенттері арасында "«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде университеттегі оқу процесінің барысы туралы» тақырыбында баяндама оқыды. Ол студенттерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде университетте оқу процесін ұйымдастырудың барлық нормалары мен талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді. Сондай-ақ, сектор менеджері 1-4 курс студенттеріне арналған сабақтарды өткізу нысандары туралы ақпаратпен бөлісіп, студенттерге санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтаудың өз қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігі үшін маңыздылығын атап өтті.