17 ақпан 2021 жылы «Мирас» университетінің студенттері мен Шымент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселерін зерттеу орталығының» ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі дінтанушы, теолог маманы Байманова Тыныштықпен және Шымкент қаласы Абай ауданы Қождан ата мешітінің бас имамы Тұрапбай Ақтөре Әліпбайұлымен «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – жастарға дін жайында ақпарат беру, олардың теріс ағымдардың ықпал етуінің алдын алу.
Кездесу барысында дінтанушы-теолог ислам діні және қазіргі қоғамдағы дін мәселелері туралы сөз қозғады. Студенттер өздеріне осы тақырыптағы көптеген пайдалы ақпаратпен танысты.