8 ақпан 2021 жылы оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Кистаубаева Д.М. университет білім алушыларымен онлайн-кездесу өткізді.
Кездесу барысында бакалавриат және магистратура білім алушыларының белгілі бір санаттары үшін оқыту процесін аралас форматқа көшіру, сондай-ақ жоғары курс білім алушылары үшін қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқытуды жалғастыру мәселелері талқыланды.
ОжОӘЖ жөніндегі проректор студенттерді университетте санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету регламенті аясында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігіне шақырды.
Білім алушылар ағымдағы семестрде кәсіптік практикадан өту форматы туралы сұрақтар көтерді, оларға дәстүрлі форматта да, қашықтықтан да практикадан өту үшін білім алушылардың тұрғылықты жері бойынша кәсіпорындармен және ұйымдармен алдын ала шарттар жасасу мүмкіндігі туралы жауап берілді.
Жалпы, кездесу ақпараттық-түсіндіру сипатында өтті. Проректор кездесу қатысушыларына университетте бұрынғыдай әрбір білім алушыға қолжетімді кері байланыс жүйесі жұмыс істейтінін еске салды.